Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы,
Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана
перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің
нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік
сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы
тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың басты ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастағанда-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп
баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:
«Ана – үйдің берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
Бұтағымен ағаш сымбатты,
Ұрпағымен адам қымбатты.
Бала болсаң балғындай бол.
Айналаңа қорғандай бол» –
деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам
деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана балаға тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы,
әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке
мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып,
әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шығып көпке танылады.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға.
Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы
«Адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен дарыған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде
жүзеге асуы туралы айтады.
Тәрбиенің негізі ананың әлдиінен
басталады емес пе? Ана тәрбиесі ұлылық дәнін
себеді. Тәрбиелі анадан тәрбиелі бала өсіп шығады. Сонғы жылдары отбасында,
қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі төмендегендей. Бұған кейде заманды да
кінәләп жатамыз. Әрине, бала тәрбиесіндегіәкенің орны бөлек, әсіресе, ер бала
тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын,тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында
да шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында: «Нағыз жайлы орын: қылышқа –
қынабы, отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі» – деген тамаша нақыл сөз бар.
Қазақстан Республикасының Ата Заңыңда
«Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы,
әріпарызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың,
аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонауалыс болашақта,
олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп,
ұрпақ тағдыры айтылады. Бала – ата-анасының игіістерінің жалғастырушысы, болашағы.
Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жасшбы қиілгіш болса,
жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі
әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала
тәрбиесіне ықпалы зор. Әр бір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейірімді,
еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халықалдында да, мемлекет алдында
да жауапты. Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ.
Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні,
өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажететпейтін ақиқат. Бала
тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – дегенхалық даналығын ұмытуға
ешкімнің хақысы жоқ.
Сондықтан, «Бала жас, әлі еш нәрсені білмейді, өсекелер бәрі түсінеді»
– деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат,
әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.
Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
«Отбасы –шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер» –
дегені бар.