АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНДЕГІ БІЛІМ БӨЛІМІНДЕГІ ТҮРГЕН АУЫЛЫ «ВАСИЛЕК» МКҚК «БАЛАБАҚШАСЫ»
ГККП "ДЕТСКИЙ САД "ВАСИЛЕК" СЕЛА ТУРГЕН ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АРШАЛЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

06.02.2023

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!

 

Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  • -Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі бос лауазымына (1 ставка) тұрақты жұмысқа орналасуға;
  • -Мектепке дейінгі ұйымның музыка жетекшесі бос лауазымына (0,5 ставка) тұрақты жұмысқа орналасуға;

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.

 

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 64 866   теңгеден  132 550  теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК -на келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК-ның меңгерушісінің атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін нотариат немесе жұмыс орнынан кадр қызметі растайды.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК-ның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК-ның ресми сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Турген ауылының «Василек» балабақшасы» МКҚК-ның сенбі және жексенбіден басқа күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін тапсырылуы тиіс.

Анықтама телефоны 25-1-08,электрондық мекенжайы baiburina1973@mail.ru

 
Просмот
Просмотров: 130


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст